Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

«Kel, balalar, okylyk!»

ҰЛТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Контакты

Майра Рахымбайқызы,



Ерте  сауаттылықтыҢ ТУЫНДАуы:  баланың

 оқуы мен жазуда мағына құруы  

Сен оқы мен тыңдайын,

Мен оқиын сен тыңда,

Сен көрсетсең мен таниын

Мен көрсетем сен таны


Ахмет Байтұрсынов, 1927 жыл


     Баланың табиғатын зерттеуде оның дамуының барлық құпиясын ашу мүмкін емес, бірақ дәл осы құпиялар бізді үлкендерді    баланы жақсырақ оқыту үшін жаңалықтар ашуға итермелейді. Бала жүрегінің түбінде қаншама сұрақтар, сырлар, ойлар болса  олар оның барлығын сыртқа шығара бермейді, сондықтан да балалықтың метафизикасын  толық аша алмау, адамзаттың әлі де өзін- өзі толық зерттеп бола  алмауы  себебінен болса керек.

       Құштарлықпен зерттеу- бұл ақиқатты іздеу.   Бала үшін сауаттылықты дамыту ортасын құру  қай кезеңде басталады? Баланың ойлау операциясы  қай сатыда белсенді дамиды?  Сауаттылық оқудан басталады ма, жазудан ба? Баланы оқуға үйретудің ең оңай  тәсілі қайсы?  Бұл сауалдарда ақиқатты іздеу үшін үлкен төзімділікпен мықты кәсібилікті қажет етеді. Дегенмен, әрбір ата-ана   өзінің кәсіби зерттеуші екенін мойындай бермейді және өзінің отбасындағы бақылауларымен бала- бақшадағы немесе мектептегі  мұғаліммен бөлісуді  артық деп санайды. Бұл мәселе  ықылым замандағы ғұламалар мен ағартушылардың  барлығын  ой толғанысқа түсіріп зерттеулерге бағыттаған. Ал, бүгінгі күні әрбір ата-ананы,  оқытушы қауымды  мазалаушы өзекті мәселе болып табылады.

   Сонымен қатар, оқу мен жазу процесі бала өмірінде   біз ойлағаннан әлдеқайда  ерте  басталады. Өйткені, бала ...

 Мен де сол ата-ананың бірі ретінде отбасылық сауаттылықпен айналысуым күнделікті   өз баламды сауаттау  қажеттілігінен туындады.

     ОЙЛАУ ӘРЕКЕТІ БАЛА ДАМУЫНЫҢ ҚАЙ КЕЗЕҢІНДЕ БАСТАЛАДЫ? Пиаже бойынша сенсомоторлық  кезеңде (0-2 жас) әлемді  зерттеу  үшін   нәрестенің когнитивті дамуы  оның өз сезімі мен қозғалысын қолданудан басталады. Бұл жаста бала әртүрлі вербалды емес  әрекеттерді атқаруға қабілетті: көз алдынан жоғалған заттарды іздейді, демек ол сыртқы әлемнің тұрақты екенін  түсінеді. Ол бір нәрсеге қол жеткізу үшін жол іздеп, қажет болса үстелді, креслоны айналып өтуді де біледі. Қалаған затын алу үшін қарапайым құралдарды қолданады, сонымен қатар бірнәрсеге  екінші нәрсенің сыртқы әсерінде алдын ала түсіне алады. Мыс:  доптың төменге ылдилап барып  домалайтыны сияқты, әткеншекті де  итеріп жіберсе, қозғалып барып оның орнына, бұрынғы қалпына келетін де түсінеді.

Келесі «ой операциясының қалыптасу кезеңі»  (2-7жас)  әлемді түсінуге тұжырым жасаумен  және тілдік  дамумен байланысты болады.  Оның өзін үшке бөліп қарастырсақ,

1) ойлаудың репрезентативті бастамасы (2-4 жас);

2) қарапайым түсініктер мен  түйсікке келу (4-5,5 жас);

3) жіктелген түсініктер  мен  жеке түйсік, ішкі және сыртқы (5,5-7 жас).

    Менің тәжірибемде бақылауымша бала екі жасында біртипті  төрт-бес түрлі сұрақ қоя алады. Бұл кім?, Ол не?  Ол аю ма? Ол не істеп жатыр? Аю қайда бара жатыр, мектепке ме? Ол жылап жатыр ма? Оны кім ұрды?  Деректі заттардан тұратын қоршаған ортаны танудың алғашқы  сұрақтары.  Осы сұрақтардың барлығына ойлауды үйрету үшін балаға әрқашан екінші адам қажет. Екінші адаммен тілдесу оны когнитивті процестерге жетелейді және оның  оқу тәжірибесінің қалыптасуына орта құрады.  




 ОҚУ МЕН  ЖАЗУ  ЖӘНЕ ОНДАҒЫ МАҒЫНА

   Сонымен қатар, оқу мен жазу процесі бала өмірінде   біз ойлағаннан әлдеқайда  ерте  басталады. Өйткені, бала  туылғаннан  заттарды және олардың функциясын тануға қабілетті. Қай заттың қандай қызмет атқаратынын таныған ол, ана омырауына ауызын апаруды, өсе келе  қасықпен тамақ ішу, кесемен шәй ішу, ал қаламмен жазу керек, кітапты ашып қарау керек деген сияқты алғашқы сауаттану әрекеттерін  қарап отырып өздігінен табиғат жолымен игереді.   Осы табиғат жолында әрі тарихымызда, өмірімізде    бірінші оқу пайда болды ма, жазу ма? Әрине, бірінші жазу пайда болды, бабаларымыз тасқа қашап жазған жазуларды кейінірек оқып үйрендік. Турасында табиғат жолымен   бала өмірінде де бірінші жазу пайда болады екен.

  Осыған орай,  Ахмет Байтұрсыновтың оқыту идеясын зерттей келе мына ойға тап болдым.  «Оқи біліп, жаза білмейтін адам бола ма? Болмайды.Ондай адамдарды толық  сауатты деуге бола ма? Ондайлар шала сауатты адамдар.  Ал жаза біліп, оқи білмейтін адам бола ма?-Жоқ.  Жаза  білетіндер оқи да біледі. Олай болса сауаттылық негізі оқу бола ма, жазу бола ма?-  Әрине, жазу болады. Сауаттылық негізі жазу екендігін сауаттылықтың шыққан жолы да көрсетеді деп ол өз замандастарымен ой- талқы жүргізген екен. «Жаңа мектеп», 1928 №4, 3-11 беттер, «Қай әдіс жақсы».

        Осыдан он бір жыл бұрын 2002 жылы Алматыда Кен және Иетта Гудман (АҚШ) балалардың шимақ жазуларын көрсеткенде, неге бұл  түсініксіз жазуларды көрсетті екен деген сұрақ туындап еді.  Менің баламның жазуларында  да ең бірінші сондай шиырылған, иректелген, дөңгеленген  жазулар пайда болды. Осы жазуларға жәй баланың шимағы деп қараймыз, бірақ оның   түпкі мәні неде, біз түсінбейміз.  

 Кез келген қалам ұстаған бала  Өркениет  сияқты қабырғаға жазуды  осы екі жас шамасында жаза бастайды, одан соң кітаптардың сыртқы мұқабасына жазуды шығарды, одан кейін алғашқы беттеріне кейіннен  оған қағазбен қалам беру керек екенін  біз түсінеміз.


Мұндай шимақтарды түсіну үшін  баладан  сұраймын, бұл не ,сен не деп жаздың дегенде ол:

-   менің итім ғой   шәй ішіп  жатыр деген өзінің жасайтын әрекеттерін таңып айтады.

Бірінші суретте баланың әлі    сенсомоторлық интеллектісінің даму үстінде  қаламмен қағазды тану кезінде жасалған әрекеті.  Ірі және ұсақ моторикасы аппараттарының   координациясының әлі даму үстінде екені көрсетеді. Екінші суретте бала штрихтап  суреттерді бояуы  координациялық өзгерістің бар екенін дәлелдейді. Осы кезеңде бала штрихтарды жеке шығарып одан әріптердің сұлбасын жасауды үйренеді. 

 Үшінші  суретке назар аударсақ, бала нүктеленген әріптерді  қосып жаза білуі және әрбір әріптің дыбысталу фонематикасын түсінуі,    баланың 4  жаста ойлау операциясының белсенді дами алатынын дәлелдейді. 


Ерте жастағы баланың жазуында мағына болатынын да сұхбат арқылы жете аламыз. Олай айту себемі,бір күні қағазға менің балам  Өркениет (3 жас  9 ай) білетін әріптерінің барлығын тізіп жазып шықты. Мысалы:М П Р И Н К А А Т Ө  деген әріптерді жазып көрсетті, мынадай диалог орын алды.

- Өркениет,сен не жаздың?

-«менің мамам ең ең жақсы» деп жаздым.

-Жарайсың, сен керемет жазады екенсің, енді әріптердің атын айта қойшы.Ол әріптердің аталуын емес, сөздерді атап шықты.

-Мама, папа, Рахымбай ата, ит,  нан,  «К» әріпін теріс жазып қойғандықтан ұзақ ойланды,  ойлана тұрып бұл иттің бөпесі   ғой мама, деп жауап берді.  Әрі қарай  Арай,  Аделина, Т әріпін тастап айтпай кетті де, ең соңғы әріпті көрсетіп  бұл мен ғой  мама,- деді. Мен ғой дегені «Ө» әріпі, өзінің есімі-Өркениет.

- ал енді қандай сөз пайда болды?

-жаңа айттым ғой, «мама жақсы»- деп жаздым! 

М П Р И Н К А А Т Ө  - тікелей қарастырғанда осы сөзде мағына бар деп айтуға болмас, бірақ баладан клиникалық сұхбат ала отырып, оның ойын зерттесеңіз ол әрбір жазған нәрсесіне мағынасы бар екенін дәлелдей алады.    Тағы да бір мысалды еске алсам, дүкеннен бір күні штрихталған әріп    элементтерін сызықша түрінде берілген бір дәптер алып келдім. Бұл дәптерде ешқандай әріптерде, суреттерде  жоқ, тек қысқа  сызықшалар болатын. Бала қол координациясын жаттықтыра берсін деген ойым болған. Бірақ бұл дәптерді бала әр бетінен бір- екі сызықтарды ғана қосып көрді де, менің жазу үстеліме келіп лақтырып жіберді де, мама мен мынаны жазбаймын, ол қызық емес деді. Дәптерді қайта алып қарасам, шын мәнінде бұл мағынасыз сызықтар екен,   біз кейде балаларға үйрету барысында ойланбай жасайтын қадамдарымыз болады. Менің бұл дәптерді сатып алуымда қателік болған екен. Мен сияқты қаншама ата- аналар мен мұғалімдер осылай жасауы мүмкін, осыдан  біз не түйеміз? Өйткені, біз және  мұғалімдер бала  мектепке бармай жатып оның көркем жазуына қатты мән береді де, жиі осындай жұмыс дәптерлеріне міндеттеп жазу жаздырады, бала бір нәрсені қайта-қайта жасай бергеннен кейін шаршағанда оның жазуға деген құлшынысы өшеді,  ал жазуға құлшынысы өшкенде оқуға да белсенділігі бәсеңдейді.  Осы орайдағы әрекетімізді, Ахмет Байтұрсынов мына ойымен жеткізеді,  «Үйрену һәм үйрету ең басында қиын.  Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай,    көңілі қайтып мұқалмайды, қайта одан сайын ықыластанып, оқыған сайын қызығады.   Үйретушінің де жігері құм болмай, ісі ілгері оңай жылжыңан сайын көңілденіп оқытуға жаһады зорайып, шабыттанады».  А.Байтұрсынов баяндамасынан «Методика мәселелері» 1920, Казань қаласы

    Баланың не жазғанын сұрай- сұрай  оның әріптерді оқи бастағынына көңіл бөлдім. Әрбір әріптің дыбысы және оның мағынасы  болатынын кішкентай баладан үйрену  мен үшін қызықты процесс болды.

    Өз балама кітап оқу барысында алғашында мен жазуды  бағытты түрде қолданған жоқпын.  Бірақ, жазумен айналысқанда ғана бала  үйде ілулі тұрған  алфавитке көңіл бөле бастады.   Бала өзі ойыннан  жалыққан кезде келіп, мама маған әріптерді үйретші, мына  сөздерді оқытшы маған деп жаныңа келіп тұрады. Таңертеңгі ас ішіп отырғанда немесе кешкі уақытта ұйықтар алдында да келіп  өзі үйретуіңді сұрайды. Ең бастысы бала өз  қалауымен келгенде  осы сыни сәтті   пайдалану керек.

    Мына диалог соның куәсі болып табылады, мен компьютерде жұмыс істеп отырғанда ол өзінің батареямен жұмыс жасайтын кітабын алып келді. Ашып, ішіндегі әріптерді басады да маған қарап менің реакциямды күтеді.  Бала әріптер  пернесін  басады,ар жақтан 

-кәнекей, бала «Г» әріпін баса ғой деген дауыс шығады;

-мама, «Г» әріпі, қайсысы еді;

-гүл  дегенде келетін әріп бар емес пе, соны бассайшы;

-жоқ, мама неге гүл, гүл емес  ГЕРРИ, «Г» деген –герри;

-Ол  не герри?

-Герри ол Спанжбоб досы ғой, мама соны да білмейсің бе? Сонда гүл десек, Спанжбобтың досы болмай ма? Сен білмейсің оны ,мама.

-жарайсың, баса ғой;               

Ол сонымен «Г» әріпін тауып басады. Менің айтқанымды көбінесе қабылдамай, өзінің тәжірибесіндегі сөздерде  сол әріптің бар екенін байқағанына  таң қалдым. Демек, 3-4 жасар балаларда да өмірлік тәжірибе  болады екен ғой деген ойға шомдым. Оқу мен жазу бірге жүргенде  баланың оңай үйренетіні туралы Ахмет Байтұрсынов былай дейді:

 Сауаттылықты оқу мұқтаждығы тудырмаған, жазу  мұқтаждығы тудырған. Мұқтаждық жазуды тудырған, оқу жазумен бірге жүретін қосалқы күйдегі үрдіс, асылы жазу болып, оқу оның бетіндегі нәрсе болып шығады. Осы айтылғандардың  барлығы сауаттылық негізі оқу емес, жазу екендігін сипаттайтын дәлелдер.   Сауаттау әдістерін сынағанда   оқу үйрететін  әдіс деп қарамай, жазу үйрететін әдісті көп қарастыру керек,   жаза білдіруге қолайлы әдіс, оқи білдіруге де қолайлы болады, өйткені, негіздік нәрсе -жазу. Бұл әрекеттер қосалқы болғанда үйрену  тиімді болмақ. Жазу да, оқу да бір істеліп қана қойылатын іс емес, мектепте күнде керек болып, үздіксіз жасалынатын іс. Сондықтан мектептен шыққанша жазу мен оқуға балалар төселмек түгілі,әрі барған сайын қайсысын болса да өнер түріне айналдыруы тиіс. «Жаңа мектеп», 1928 №4, 3-11 беттер, «Қай әдіс жақсы».

Сондай-ақ,  кітап қол жетімді отбасында  әр баланың сүйікті кітабы да  мектепке дейінгі кезеңде ерте қалыптасады.  Бала  8 айлық және 1 жас ортасында кітаптың кітап екенін түсінеді. Ал  2-3  жасында оның сүйікті кітабы пайда болады. Оған дәлелім, үйде бала кітапханасын  2003 жылдан бері құрдым. Оның барлығы үлкен қызымның кітаптары.   Көптеген ертегілер мен энциклопедиялар ішінде бір  ағылшын тілінің алфавитін  суреттермен үйретуші  үлкен  кітап  болды. Балам бірнеше ай бойы  кітаптардың суреттерін қарап, иттің үретінін, құстың ұшатынын, адамдардың   атасы мен апасы болатынын үйренді.Содан сол ағылшын тіліндегі  кітапты қайта- қайта тығып қоятын болдым, өйткені қызыма ағылшын тілін үйренуде қажет болады, тозып кетпесін деген ой болып еді. Балам бір күні 3- ке толар-толмас  шағында 

  •  мама сен неге менің ең жақсы көретін кітабымды тығып қоя бересің, әпееееер, деп қатты шыңғырып, жоғары сөредегі кітаптарға қолын созды.  Содан біз кішкентай баланың да  сүйікті кітабы болатынын түсіндік.

Тағы да бір күні жұмыстан келсем, балам  шифонердің төменгі қырларына шығып  кітап сөрелеріне жоғары өрмелеп бара жатыр екен, әрине бұл ситуацияда  құлап қалатын қауіпті жағдай. Ондағы ойы бір кітапты алу, бұл ситуация маған  бала кітапханасының оның өзіне қолжетімді жерде болу керек екенін түсіндірді.Төменде жаңа сөре жасалды.

    Сонымен қатар,  кішкентай балаға арнайы партаға, үстелге отырғызу міндетті емес деп ойлаймын, ол бірде жатып  жазса, бірде отырып, бірде тұрып оқиды, өзіне ыңғайлы жағдайды тауып алады. Балабақшаның кейбір тәрбиешілері менен сұрайды,  біздің топта қиын балалар бар, түк партада отырғыза алмаймыз  не істеуге болады дейді. Мен айтамын, сол қиын баланың бірі менің балам, олар қиын емес,  олар оқуда да жазуда да тәуелсіз болғысы келеді,  сіз тек оларға өзіне қажет сауат ортасын құрып берсеңіз болғаны деп жауап бердім.  Кейінде біз  үйде кешке қарай қолымызға бір кітап алып, бірдеме жазумен айналысып жатқана  ол да , мама менің  ана бір кітабым қайда,  ішінде  машиналары, вертолеттары бар,  деп сол жақсы көретін кітабын іздейді де өзімен бірге сөйлесетін адамды да іздейді.   Кітаппен көп жұмыс жасау, ертегі тыңдау,  сөйлесу,  балаға сұрақтар қою  жұмыстары кейде оның өзінше қиялдан жаңа  ертегілер құрастыруына ықпал етті.     Суреттерге қарап, емін- еркін    өз ойымен мағынасын жеткізе алады.

 4 жаста сензитивті даму  кезеңінің ең белсенді кезі басталады. Бала сауаттылығы үлкендердің көмегімен еселеп дамуға бейім, бірақ та егер сіз сол сензитивті кезеңнің алдында платформа құра білсеңіз осы жасата ол оңай сөздерді оқи алады. Ата аналармен оқытушылар осы кезеңде  сауаттаудың түрлі қызықты әдістерін қолдануы  баланың  еселеп дамуына  үлес қосады.

       

 Қазіргі  дамып жатқан жаңа ғылым нейропедагогика заңы бойынша, балаға оқу және жазу іспен айналысқанда ол оған аса қызығушылықпен кірісіп өзінің жетістікке жеткені үлкендердің қошеметтеуінен байқағанда оның миына қуаныш гармондары түседі екен, осы қуаныш гармондары баланың түрлі қиындықтарды жеңуіне ықпал ете отырып, оның қуатты оқушыға  айналдырады. Демек,оқу мен жазу бала үшін көңілді әрі жеңіл іске айналуы тиіс.



      Ахмет Байтұрсынов  балаларды сауаттандырудың  оңай жолын іздеді. Бала оқуды үйренгенде ешқандай ауыртпашылықты сезінбеуі қажет деп есептеді.  Ол «Тіл ашар», «Тіл –құрал», «Тіл жұмсар»,  «Тіл тағылымы» атты еңбектерін жариялады. Бұл еңбектерінің құндылығы  зерттей келсек, автордың идеясы Кен Гудманның «Тұтас тілді»  дамыту идеясы сияқты тұтастықты  талап етеді. Мысалмен келтіргенде ағартушы былай дейді, біз  арыстанмен таныстырғанда  бірінші оның сүйегін көрсетіп, одан соң мынау құйрығы, мынау оның құлағы деп бөліп  көрсетпейміз ғой,  «мынау арыстан», «ол жыртқыш аң» деген тұтас ойды жариялау сияқты өте қарапайым түрде түсіндіреді.   Тағы да Ахмет Байтұрсынов,       «Оқу үйреткенде де сөзді әріптен, буыннан  бастамай, сөздің тұтас тұрған тұлғасынан бастап үйрету керек дейді. Мұны талап ететін  табиғат жолы, табиғат қоршаған ортаны бізге  тұтастай  ұсынған»- дейді.

Бүгінгі күнге дейін баланың   сауаттылығын дамытуда ең тиімді   оқытуды үйретуші төмендегідей жолын ұсынады екен. Бар жоғы бірнеше әріптерді қолдана отырып,  суреттерін көрсету арқылы  жеңіл түрде оқытуға тырысады. Мысалы:

  1. АР      АРА     АРАЛ     АРАЛА
  2. АС      АСА     АСАУ     АСАР
  3. АТ      АТА     АТТАР
  4. АЛ     АЛА   АЛАШ    АЛАША


  1. БА   -    БАЛ     БАЛА   БАЛАПАН
  2. ҚА   -   ҚАЛ     ҚАЛА   ҚАЛАДА
  3. МА  -   т.б.


А  және басқа әріптер

Бір буынды сөздер жасау

Екі буынды сөздер жасау

Үш буынды сөздер

АЗ

АЙ

АҚ

АР

АЛ

АТ

АУ

АШ

АҢ

АС

ЖАЗ

ҚАЗ

НАЗ

САЗ







БАЛ

ҚАЛ

ЖАЛ

МАЛ

 ТАЛ

ШАЛ


ЖАР

ҚАР

БАР

НАР

ЗАР

ШАР

ТАР


БАБА

ҚАЛА

ЛАМА

САРА

ШАРА

ДАРА

ДАНА


БАЛАЛАР

ДАЛАҒА

ПАРАСАТ

ТАМАША

ҚАРАША











 Баланың оқуына оңай болатын мәтіндерді  ұсынады. Одан соң балаларға осы мәтіннен түсінгені  тақтайшаға  сурет салдырады, мұндағысы сурет өнеріне баулу емес, оқығанын ұғынуға жетелеу.

САРА  ҚАЛАҒА БАР.  

ДАНА ДАЛАҒА  БАР. 

ҚАЛА ТАМАША.

ДАЛАДА ҚАР.

АҚҚАЛА ЖАСА.


     Ғалым сол заманда болған француз және неміс ғалымдары Жакото мен Гедикенің  оқыту  әдістерінің жақсы жақтарын  өзіне ала отырып, мына бір тұсын сынға алады, Жакото оқытуға ұста, әдісінде шеберлік  толық болғанмен Гедикенің әдісіндегі кемшіліктен бұл да құтыла алмаған. Ол  кемшілік- оқыған сөздерін балалар неге солай оқылатынын білместен жаттау.   Жаттанды білімге Ахмет Байтұрсыновтың қарсы болғанын байқаймыз.                      

                                                                                                             ЖАЛҒАСЫ  БАР


СЕМЕЙНАЯ ГРАМОТНОСТЬ ОТБАСЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫКТЫ ДАМЫТУ ПЛАТФОРМАСЫ ●Ата-аналарға арналған семинар-тренингте
Объявление от Asia.kz:
Создайте себе сайт-визитку бесплатно!

Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане

 
Реклама:
Создать сайт бесплатно
 
Реклама от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы  

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам
 

westlan.kz  
 
Пожаловаться на сайт